Артериялық гипертензия өте көп таралған жүрек-қантамыр ауруларының бірі болып табылады және маңызды медициналық-әлеуметтік мәселеге әке соғады. Бұл аурудың қалыптасуы балалық және жасөспірімдік шақтан басталады. Жасөспірімдердің көбінде артериялық гипертензия ұзақ уақыт бойы белгісіз болуы және жасөспірімдер ешқашан шағымданбауы мүмкін, сондықтан да артериялық қан қысымының көтерілгенін сезбегендіктен оны уақытында емдеу қиын.
Балалардың артериялық гипертониямен ауыруының себебі.
Жасөспірімдердің артериялық қан қысымының көтерілуі артық салмағы мен семіздігі болған жағдайда есейгенде артериялық гипертензияға шалдықтыратын ең мықты фактор болып табылады.
Гипертонияны қалыптастыруға ықпал ететін факторлар арасында бірінші кезекте тұқым қуалаушылық тұратынын атап айту қажет.
Балалар мен жасөспірімдердің ауыруына не алып келеді?
Артериялық гипертонияға шалдығуға гиподинамия алып келеді, жүрек-қантамыр жүйесіне арналған қозғалыс қорғанысты бейімдейтін тетікті жаттықтыратын фактор болған.
Гиподинамия қанайналымы қызметін табиғи бақылау жүйесін бұзады және артериялық гипертензияға шалдықтырады. Есейе келе қозғалыстың аздығы арта береді.
Гиподинамиямен тығыз байланысты келесі маңызды фактор семіздік болып табылады. Есейген кезде семіздіктің сақталу мүмкіндігі артық салмақ пайда болған жасқа байланысты және ата-аналардың біреуінде семіздіктің болуына байланысты болады. 3-6 жаста дене салмағы артық болса, семіздіктің сақталу мүмкіндігі 50%-ға артады. Жасөспірімдердің 80%-ға жуығы қажетті шараларды қабылдамаса, есейгенде сол қалпы қалады.
Балалардың семіздігі тығыздығы төмен холестерин, триглицерид, липопротеидтердің деңгейі жоғары болатын май алмасудың бұзылуымен, сондай-ақ көмірсуларға төзімділіктің бұзылуымен байланысты.
Қан қысымының көтерілуіне себеп болатын факторларға адам ағзасына натрий хлоридінің (ас тұзының) артық түсуі болып табылады.
Артериялық гипертензияға шалдығуға ғана әсер етіп қоймай, жалпы балалардың денсаулық деңгейіне де әсер ететін басқа да факторлар арасында темекі шегу мен ішімдік тұтыну да бар. Темекі шегу – ересектердің ғана мәселесі емес. Жасөспірімдер арасында бұл әдет үздіксіз таралуда. Әрбір тартылған темекіден кейін артериялық қан қысымы бірден артады. Балалық кезде және жасөспірімдік шақта ішімдікті тұтыну артериялық гипертензияға шалдықтыратын ғана фактор емес, ол балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына да кері әсер етеді.
Жоғарыда аталған факторлармен бірге артериялық гипертензияның дамуында күйзелістің де маңызын атап айту қажет. Психологиялық күйзеліс пен қоршаған ортаның әсеріне тән күйзелістің гипертонияның пайда болуында маңызды рөл атқаратындығы туралы ұсыныстар бірнеше рет айтылған болатын. Жіті күйзелісті тудыратындар артериялық қан қысымының көтерілуіне әкеп соғады, дегенмен созылмалы күйзелістің артериялық гипертензияны тудыруы мүмкін екені туралы нақты мәліметтер аз.
Балалардың қан қысымын қалай дұрыс өлшеуге болады?
Артериялық қан қысымын тыныш, жайдарлы және ыңғайлы жерде бөлме температурасында тамақ, кофе ішкеннен соң, дене жүктемесін тоқтатып, суыққа шыққаннан кейін 1 сағаттан соң өлшеу керек. Бала үстел қасындағы орындықтың арқасына сүйеніп, қалпын өзгертпей және шара барысында сөйлемей отыруы қажет. Баланың иығы киімнен босатылып, қолы үстелдің үстінде алақаны жоғары қаратылып ыңғайлы қойылуы керек. Қан қысымын өлшеу алдында 3-5 минут демалу қажет. Баланың иығының көлеміне сәйкес келетін манжетті дұрыс таңдай отырып, резіңке камераның ұзындығы 80%-нен 100%-ға дейін жауып тұруы және манжеттің ортасы жүрек деңгейіне келетіндей дұрыс қою қажет.
Баланың артериялық қан қысымының деңгейі оның жасымен, жынысымен, салмағымен, бойы және тері-май қабатының қалыңдығымен тығыз байланысты.