2018 жылдан бастап орталық аудандық ауруханасында патронаж қызметі енгізілді- бұл ерте жастағы баларға дүниеге келу мерзіміне дейінгі кезеңді қоса алғанда патронаж бикесінің «үй сапарларын» өткізу жүйесі. Өз ортасында отбасымен кездесу маманға мәселелерді түсінуге және дұрыс шешім қабылдауға бірегей мүмкіндік береді.
19 ақпанда жергілікті полиция, әлеуметтік қорғау бөлімі, білім бөлімі және орталық аурухана мамандарының қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.
Учаскедегі өз жұмысы туралы патронажды медбике Татьяна Егорова, жаңа бағыттың артықшылықтарын түсіндіріп, әмбебап – прогрессивті модельді енгізумен айналысатынын айтып өтті. Оның негізгі мақсаты – ерте жастағы балалардың денсаулығымен саулығын қорғау және нығайту ата – аналары мен жақын ортасының жағдайына тығыз байланысты. Аудандық педиатр Шаухина Сауле өз негізінде балалар, ата- аналар, қоғам үшін әмбебап- прогрессивті модельді енгізуден ұзақ мерзімді перспективаны және қалай оң нәтижелер күтілетінін түсіндірді.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары ведомствоаралық жұмысты күшейтудішешті, өйткені тек бірігіп патронаждық қызметті, әсіресе әлеуметтік жағынан осал отбасыларда енгізудің жақсы нәтижелеріне қол жеткізуге болады.