нужен перевод

Тізбе:
872341-2-23-05
Жедел жәрдем:
872341-2-14-41

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына зиянды әрекеттердің әсері

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына зиянды әрекеттердің әсері

Темекі тарту және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы. Қауіпсіз темекі болмайды. Темекі тарту, әсіресе, жасөспірім кезінде бастау, темекітәуелділігінің тез дамуына, бедеулікке, әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеледі.

Ішімдік және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы.Қауіпсіз темекі болмайды.Соңғы уақытта жасөспірімдердің арасында әртүрлі «жеңіл» ішімдіктердің қолданулары жиілеп барады. «Алкогольсіз» сыраның өзінде 0,5 % алкоголь бар. Оның құрамына әртүрлі ауруларды тудыратын әртүрлі қоспалар, жасөспірімдердің репродуктивті қызметіне негативті әсерін тигізетін эстрогентәріздес заттар — әйел жыныс гормондарының аналогы, бар.

Психоактивті заттарды қолданған кезде жыныстық қызметтің төмендеуі болады, ол бедеулікке немесе көптеген аурулары бар ұрпаққа алып келуі мүмкін.

          Ойынқұмарлық немесекомпьютер алдында көп отыру. Жасөспірімнің компьютер алдында 4-5 сағаттан көп отыруы көру қызметі, мүсін бұзылуына әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, көп уақыт бойы ноутбукті дұрыс емес қолдану (санда локализациялау) жыныс бездеріне әсерін тигізеді.

Дұрыс емес тамақтану, оның ішінде калориясы жоғары тағам.Төмен физикалық белсенділік пен жоғары калориялы диета жоғары дене массасының жиналуына және семіздікке алып келеді, ол тестостеронның төмендеуіне және бедеулік пен импотенцияға алып келеді. Майлы тағамды қолдану (әсіресе, жануар майлары бар) тамырларда атеросклероздық процестерді белсендіреді, ол бүкіл ағзада қанайналымды, соның ішінде жыныс жүйесінің, төмендетеді.Көптеген тағам түрлерінің құрамына кіретін бояғыштар мен консерванттар, ағзаға көп мөлшерде түскен кезде, токсикалық әсерін көрсетеді және гормон балансын нашарлатады.