Қазақстан Республикасындағы екпе егудің Ұлттық күнтізбесіне11 жұқпаға қарсы 9 жоспарлы егу кіреді: вирусты гепатит «В», туберкулез, күл ауруы, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиологиялық паротит, пневмококктық жұқпа және гемофильдік жұқпа. Аурушаңдық деңгейінің күрт өсуі мен өлім-жітім жағдайларын болдырмау мақсатында тұрғындарға эпидемиялық көрсеткіштер бойынша да екпе егіледі: құтыру, бруцеллез, «А» вирусты гепатит, кене энцефалиті, лептоспироз, күйдіргі, туляремия және тағы басқалар.
Қазақстан екпе егу барлық тұрғындарға тегін және қол жетімді болып табылатын аз мемлекеттердің қатарында тұр. Жыл сайын біздің елімізде тұрғындарды екпе егумен қамту бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіліп, ол 95% және одан жоғары көрсеткішті құрайды. Екпе егудің жоғары деңгейін қамту-ұжымдық иммунитетті қалыптастырады, яғни екпе егу тек қана адамның өз денсаулығы ғана емес, қоғамның денсаулығына да әсер етеді(ауырған адам жұқпаның көзі болып табылады және басқа адамдарға да қауіпті болуы мүмкін).
Дамыған елдердегі көптеген адамдар екпе егудің тиімді жоспары бойынша екпе егу арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың жойқын әсерлерін өздерінде сезінген жоқ, Аурушандық деңгейінің төмендеуіне байланысты кейбір адамдар ауруға қарағанда екпе егу кауіпті деп ойлайды,бірақ бұл ең үлкен жаңсақ ойлардың бірі болып табылады.
Қазақстанда Иммунопрофилактика мемлекеттiк саяси деңгейде, өйткені халықтың эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қабілетті және балалардың жұқпалы аурушыңдығын төмендетудiң ең тиiмдi тәсілдерінің бiрi болып табылады, бұл көп жылдық тәжiрибемен дәлелденген.
СӨС кабинеті дәрігері
Владимир Егоров