Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Туберкулезге қарсы ведомствоаралық қарым –қатынас мақсаттағы «Дөңгелек үстел».

Туберкулезге қарсы ведомствоаралық қарым –қатынас мақсаттағы «Дөңгелек үстел».

Туберкулезге қарсы ведомствоаралық қарым –қатынас мақсаттағы «Дөңгелек үстел».

2017 жылғы 28 ақпанда  аудандық Мәдениет Үйінде «Катонқарағай  ауданының  туберкулез ауруы бойынша эпидемилолгиялық жағдайы» тақырыбына «Дөңгелек үстел» өткізілді.

 Шараны аудандық Орталық ауруханасы ұйымдастырды. Оған  аудан әкімдігі, аудандық ішкі істер бөлімі, орталық және ауданаралық ауруханалардың бас дәрігерлері,  көші- қон полициясы, тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде аудан әкімінің орынбасары Калихан Ділдар аталған шараның  туберкулез ауруымен күрестегі маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.  Туберкулез ауруымен күрес  Қазақстанда көптеген жылдар бойы толығымен  шешімін таппай  келе жатыр, сондықтан шараның мемелекеттік маңызы бар.  Фтизатрия саладағы  кейбір жетістіктерге қарамастан, республикада індетпен ауырғандар деңгейі жоғары, профилактикалық байқаулар кезінде, оның «жұқпалы» формалары жиі табылады. Туберкулез әлеуметтік –маңызды індет және аудан әкімінің рейтингтік көрсеткіші  болғандықтан, оған қарсы ведомствоаралық қарым –қатынасқа тоқталды. 

Екінші мәселе бойынша аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сауле Байгереева сөз сөйледі. Статистикалық деректер бойынша ауданда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеп келеді.

Ауданда қолданылған шаралар туберкулез ауруының таралуын бақылауға, тежеуге мүмкіндік береді. Бірақ, індетке шалдыққандармен жақын қарым-қатынаста болғандардан сақтану және оларды уақытымен тексеріп отыру қажет.  Жасөспірімдер және балалар арасында аурудың тіркелген  жәйттері жоқ.

Бірқатар мәселелерге үшінші  болып сөз алған  фтизиатр Байтуманова Самал тоқталды.

  • Жылжымалы  флюорография келген кезде барлық  ауылдық округ әкімдері тұрғындарды толығымен қамтуға ат салысса. (Әсіресе 2 жылдан астам мерзімде тексеруден өтпееген зейнеткерлер, мүгедектер, уақытша тұратындарды).
  • Аудандық ішкі істер бөлімі  бас бостандығынан айыру орындарынан оралған азаматтар туралы мәліметтерді  дереу беріп отырса.
  • Емделу кезінде туберкулезбен ауырған азаматтарға әлеуметтік көмекті жақсартса. Өйткені тоқсанына әр ауруға шаққанда бөлінетін қаражат 17 182 теңге.

            Аудан аралық  аурухананың бас дәрігері   Аркабек Шаймарданұлы  өз сөзінде барлық ауылдық округ әкімдерін, АІІБ қызметкерлерін  ҚР ДСМ 2014 жылғы 22 тамыздағы №19 бұйрығымен таныстыру қажеттігін айтты. Шаруа қожалық басшылары басқа аудандардан  жұмысшыларды ешқандай тіркеусіз әкеледі. Олар бақылаусыз, флюорографиялық тексерусіз жұмыс істеп жүр. Ауылдық округ әкімдіктері осындай адамдарды анықтап, ауруханаға хабарлап отырса. 

Ногайбаев Нуржан флюорографиялық тексеруді ауылдық округ әкімдіктердің рейтингтік көрсеткіштер тізіміне енгізуді ұсынды. Ол туберкулезбен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған балаларға арналған арнайы шипажайлар бар екенін ескертті,  Семей қаласында өңірлік ауруханасына апарылатын балалардың тізімін жасау қажеттігіне назар аударды. 

Ауыл әкімдері ауылдық мекендерде электр қуаты төмендігі салдарынан флюрография аппаратын орнату мүмкіншілігі жоқтығы туралы сауал көтерді. 

Дөңгелек үстел шешімі:

  1. Кей ауылды мекендерде электр қуатының төмендегіне байланысты рентген аппаратының ақаусыз жұмыс істеуі үшін С.И. Байгереева мен А.Ш. Қадырбаевқа облыстық туберкулездік диспансеріне заманауи  жылжымалы рентген аппаратына сұраныс жасау;
  2. Мәжіліс отырысында  туберкулезге шалдыққан науқастардың   тұрақты ем үшін әлеуметтік көмек тарапынан кварталына берілетін 17 182 тенге қаражатын ай сайын беру сауалын қарастыру;
  3. Ауыл әкімдерін жылжымалы флюрография қарауы барысында  міндетті қаралуға жатқызылған  ауыл тұрғындарының толық келуіне  жауапты болу. Флюрографиялық қарауды  ауыл әкімдері рейтингісіне енгізу.
  4. Катонқарағай ауданы IIД Жергілікті полиция қызметі басшысы К.Е. Абеновке және көші –қон полициясы аға инспекторы С.А. Батырхановаға ай сайын флюрографиялық тексеру үшін  орталық аудандық ауруханасына бостандыққа шыққан, көшіп қонған азаматтар туралы ақпаратты ұсыну.
  5. Бас дәрігер С.И.Байгереева мен А.Ш. Қадырбаевқа қарым-қатынаста болған балаларды сауықтыру шипажайына жіберу кестесін жасап, аудан әкімімен келісу. Балаларды жеткізуге автобус  және тағы басқа тасымалдау көлігі ұсынылады.
  6. Ауыл әкімдері назарына басқа аудан тұрғындарынан келген маусымдық және тұрақты ауыл шаруашылығына жұмыс жасауға жүгіндірілетін  тұрғындарды қадағалау. Мұндай тұрғындар санаты флюрографиялық тексеруден, тағы басқа ауруға анықталудан шет қалады.

 

СӨС кабинетінің дәрігері.                                                                                   Владимир Егоров