11 мамыр күні Катонқарағай ауданы орталық аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлерімен ай сайынғы аурудың алдын алу мен ерте анықтау, сонымен қатар Дүниежүзілік жоғары қан қысымына қарсы акция өткізілді.
Улкен-Нарын ауылдық әкімшілігі, Нұр отан партиясы, білім беру және дене шынықтыру, кәсіпкерлер, туризм , тілдерді дамыту, аудандық кітапхана, экономика және финансы бөлімдері мен ұйымдары қамтылды.
Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Молдожанова М.Қ. акцияға қатысушыларға міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу және алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркелу тәртібі туралы үгіт-насихаттау сипатында хабардар өткізді. Сонымен қатар аудандық терапевт Дюсембина Назерке барлық қатысушылардың қан қысымын өлшеп, жоғары қан қысымының көтерілу себебін, салдарын , алдын алу шараларын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.
СӨС кабинеті дәрігері
Владимир Егоров