Пассивті темекі шегу – ауадағы темекі түтінін жұту (тыныс алу). Мұндай ауада темекі бұйымдарының (сигареттер, сигаралар немесе мүштіктегі темекі) жанғанына пайда болған темекі түтінінің зиянды құрамы болады, ол жанама түтін деп аталады (ол өте улы және қауіпті болады), сондай-ақ темекі шегетін адам демалатын негізгі түтін болады. Олардың бәрі бірігіп, шамамен төрт мыңға (кейбір мәліметтер бойынша жеті мыңға) жуық химиялық қосылыстардан тұратын қайталама темекі түтінін құрайды, олардың көбі қауіпті ауруларға шалдықтырады. Химиялық қосылыстар сол түтінді жұтуға мәжбүр шылымқорларға ғана емес, сонымен қатар айналадағы адамдарға да зиянын тигізеді. Пассивті шылым шегу жиі канцерогенді және өкпе обырына, сондай-ақ жүрек-қантамыр аурулары мен тыныс алу жүйелерінің ауруларына шалдықтыруы мүмкін.
Пассивті шылым шегудің балаларға тигізетін қауіп-қатері
Көптеген зерттеулерге сәйкес темекі түтінімен демалуға үнемі тап болатын балалар мынандай ауру түрлеріне шалдығулары мүмкін:
- респираторлық мүшелердің аурулары: бронхит, пневмония, бронх демікпесі;
- отит;
- жүрек-қантамыр ақаулары;
- асқазан-ішек жолдарының аурулары: тітіркенген ішек синдромы, шаншу;
- ауыз қуысының ауруы, тісжегі;
- баланың дамуының тоқтауы, аса белсенділік, зейіннің бұзылуы, оқудан қиналу.
Сондай-ақ пассивті шылым шегу бастың үнемі ауыруына шалдықтыруы, көздің шырышты қабығын тітіркендіруі, тамақтың қабынуы мен дауыстың қарлығуы мүмкін.
Пассивті шылым шегудің ұзақмерзімді зардабы
Ата-анасы немесе отбасы мүшелері темекі шегетін балалар көбінесе есейген шақта темекі шегуді әдетке айналдырады. Пассивті шылым шегу тез әсер етіп қана қоймай, балалардың есейген шағында көз, өкпенің жеткілікті дамымауы, өкпе карциномасы, жүрек ақауы мен жүрек-қантамыр аурулары, созылмалы бронхит, психикалық бұзылу секілді ауруларға шалдықтырады.
Балалар үшін түтінсіз қоршаған орта
Сіздің балаңыздың пассивті шылым шегудің жанама әсерінің қауіпті салдарынан зардап шекпеуі үшін түтінсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету және сақтау қажет. Сіздің балаңыз үшін осындай ортаны жасаудың бірнеше тәсілдері:
- Темекі шегуді тастау. Ата-ананың әсері баланы темекі шегуге итермелейтін басты фактор болып табылады. Пассивті шылым шегудің сіздің балаңызға жағымсыз әсер етеді.
- Балаларыңызды пассивті шылым шегу қаупі төнетін орындардан алып кетіңіз.
- Көлікте шылым шегуге тыйым салыңыз.
- Мектептерде және балабақшада түтінсіз ортаны қолдаңыз.