Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардын алдын алу мақсатындағы іс шара

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардын алдын алу мақсатындағы іс шара

«Шығыс-Қазақстан облысы аймағында қоғамдық денсаулық сақтау қызметін  құру және сектораралық қарым-қатынасты дамыту» жобасы бойынша Жол картасын орындау үшін ауданымызда «Таза қол» атты науқан  жүргізілуде. Науқанның мақсаты: Тұргындарға ішек инфекциялары, олардың таралу жолдары, ауру жұқтыруға жол бермеу шаралары туралы көбірек ақпарат беру және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Осыған  орай ауданымызда науқанға байланысты әр түрлі шараларды өткізу жоспарланған. Соның ішінде  қыркүйектің 11-нен бастап 13-і аралығындаорталық аудандық аурухананың  салауатты өмір салты кабинетінің мамандары және  Катонқарағай ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Ибраева, Улкен Нарын ауылдық лицей, Қ.Дамитов атындағы орта мектеп оқушыларына және Ағрарлық техникалық колледжының студентеріне «Жіті ішек инфекцияларының және вирусттық гепатитың алдын алу» тақырыпта семинар өткізді. Семинарға қатысушыларға қазіргі кезде жіті  ішек инфекциялары қоғамдық денсаулық сақтау ісінің өзекті мәселесі болып отырғанын айтты. Қазіргі уақытта ішек аурулары мен жіті тағамдық уланулар көп жағдайларда жаз кезінде көкеністер мен жемістердің  көп қолданылуына, судың көп қолданылуына байланысты болып отырғанына тоқталды.

Оқушылармен студентер жіті ішек инфекцияларының алдын алу тақырыпқа сай маңызды ақпараттар алды, тиісті сұрақтарға  жауаптарын алып, және бейне ролик, слайд көрсетілді.  Семинарға байланысты қатысушылар ақпараттық-шолу материалдарымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар Катонқарағай ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Ибраева аудандық газетке «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу» атты мақала жазды. Және БМСК учаскелік желісінің күшімен халыққа арналған ақпараттық-дәрістік материалдармен қамтамасыз етті.

 

 

СӨС кабинеті дәрігері                                                                

Владимир Егоров