Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Орталық аудандық ауруханада Президенттің жолдауы талқыланды.

Орталық аудандық ауруханада Президенттің жолдауы талқыланды.

18 қаңтарда медицина қызметкерлерімен, Катон-Қарағай аудан әкімінің орынбасары Курманбаев Ринат және ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Нурмолдин Рауанмен 10 қаңтар күні Қазақстанның барлық телеарналарынан көрсетілген Президент Жолдауы талқыланды.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуі және медициналық технологиялардың дамуы арқасында медициналық қызметтерді тұтыну көлемдері артып, қазіргі заманғы медициналық көмек, аурулардың алдын-алу үшін қымбат емес болып, ал стационарлық емделуге көбірек көңіл бөлініп, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қоғамдық денсаулық сақтауды күшейту қажет.

Жастардың репродукциялық денсаулығын қорғауға және нығайтуға айрықша назар аудару қажет. Мемлекет тарапынан көп шығын талап ететін және нәтижесіз диспансеризациядан созылмалы ауруларды қашықтан диагностикалауға, сондай-ақ амбулаториялық емдеуге көшкен дұрыс.

Онкологиялық аурулармен күрес бойынша кешенді жоспарды қабылдау, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет. Жоғары тиімді ерте диагностикалау және онкологиялық ауруларды емдеу халықаралық үздік тәжірибелер негізінде қамтамасыз етілуі керек.

Денсаулық сақтау халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Мемлекеттік мiндеттемелердiң нақты шекараларын айқындайтын тегін медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң жаңа моделiн әзiрлеу қажет.

Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильді цифрлық қосымшаларды қолдану, электронды денсаулық төлқұжаттарын енгізу, «қағазсыз» ауруханаларға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.

Медицинада генетикалық талдау, жасанды интеллект технологиясы енгізілуі талап етілуде, ол ауруларды диагностикалау мен емдеу тиімділігін арттырады.