Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Оқушылардың дұрыс тамақтануы жәйлы қамқорлық

Оқушылардың дұрыс тамақтануы жәйлы қамқорлық

             Дұрыс тамақтану күнделікті дене жүктемесімен жақсы теңдестірілген тағам, оның негізі деннің саулығы болып табылады. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің әлсіреуіне, ауруға шалдығудың артуына, дене мен психикалық дамудың бұзылуы және өнімділіктің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Әлемде мынадай үдерістер байқалуда: қуаттық құндылығы жоғары және майлы азық – түліктерді тұтынудың өсуі; көптеген қызметтердің аз қозғалысты сипатта болуына, қозғалыс тәсілдерінің өзгеруі мен қалаланудың өсуіне байланысты дене белсенділігінің төмендеуі.

             Дұрыс тамақтану тәжірибесін ерте  қажет – баланы емізу дұрыс өсуге ықпал етіп, когнитивті дамуды жақсартады және болашақтағы денінің саулығына пайдалы, мысалы, артық салмақ пен семіздіктің пайда болуы және кейін жұқпалы емес аурудың даму қаупін төмендетеді.

Жұқпалы емес аурулардың жетекші қауіпті факторлары – артық дене салмағы (дене салмағы индексі 25 кг/м2 аса), қанық майлар, транс-майлар, қант пен тұзды артық пайдалану, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз тұтыну болып табылады.

Балалар арасында семіздік індетіне қарсы күресу үшін мектепте дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін ынталандыру қажет. Соған байланысты балалар мен жасөспірімдер өздерінің өмірлерінің айтарлықтай бөлігін мектепте өткізеді және оларды қоршаған мектеп ортасы дұрыс таңдау жасауға және дене белсенділігі деңгейін арттыруға қатысты білім алу және дағдылану үшін мінсіз орта болып табылады.

Балалардың семіздігі ересектердің семіздігін болжайтын маңызды фактор болғандықтан, көбінесе жүрек-қантамыр, қант диабеті, ортопедиялық мәселелер мен психикалық бұзылуды дамытатын қауіпті фактор болып табылады. Ол мектепте сабақ үлгерімін және өзін бағалауды төмендетеді. Балалық шақта пайда болған метаболизмдік және жүрек – қантамыр аурулары қаупінің факторы есейгенде де сақталып, денсаулықтың нашарлауына және мезгілсіз өлім-жітімге алып келеді. Бұл мәліметтер балалардың денсаулығын сақтауға араласу үшін тиімді уақытты таңдауды жоспарлауда тәжірибелік маңызы бар және ерте жастан араласуды іске асыру барысында қол жеткізілген мәліметтердінығайту үшін балалардың денсаулығын сақтауды үздіксіз жалғастыру қажеттігі туралы пікірді растайды.

Сондай-ақ, оқушылар арасында асқазан-ішек жолдарының ауруларының таралуының көбеюі қауіпті мәселе болып отыр. Осы аурулардың дамуындағы маңызды рөлді тамақтану тәртібінің бұзылуы, мектепте ыстық тамақтың болмауы, төменгі сападағы азық-түлікті тұтыну. Қазақстанда оқушылардың тамақтануының бұзылуы қазір тағамдық азық-түліктің жеткіліксіздігінен емес, қолдағы азық-түліктің  дұрыс қолданбауынан болып отыр.

Көп оқушылардың, олардың ата-аналарының және мұғалімдердің дұрыс тамақтану туралы жеткіліксіз ақпарат алуы өз кезегінде тамақтану тәртібінің жеткіліксіздігінің дамуына ықпал етеді. Түрлі астық тұқымдастарды, көкөністер мен жемістерді, ет, сүт және балық өнімдерін, бұршақтарды тұтынуды ұсыну қажет. Сонымен қатар тазартылмаған, яғни қабығы тазаланбаған дақылдарды, майсыз ет пен сүт өнімдерін тұтыну ұсынылады. Ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран және басқа ашыған сүт өнімдерін, ірімшік пен сүзбе балалардың қалыпты өсуі мен дамуына және олардың инфекциялардың әсері мен сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлеріне төзімділігіне ықпал ететін басты тағам негіздері болып табылады.   

2017 жылдың 1-10 сәуірі аралығында мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша онкүндік өткізіледі. Онкүндік аясында Үлкен Нарын ауылындағы жалпы білім беретін ұйымдарда, және бүкіл аймақ бойынша оқушылар үшін мектептердегі медициналық қызметкерлер дұрыс тамақтану жәйлі дәрістер, әңгімелер, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Ауылдық Лицей және  Ленин атындағы орта мектепте"Дұрыс тамақтану бүгін – денсаулық кепілі болашақта" атты тақырыбта семинар – тренингтер өткізілді. Мұндай азық-түлік ретінде: чипсы, газдалған сусындар, шұжық өнімдерінің  зияны туралы оқушыларға білуге қызықты болды. Іс- шараға оқушылар белсенді қатысты, көп теген сұрақтар  жүргізушілерге қойды.

 

СӨС кабинеті дәрігері                                                                

Владимир Егоров