Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Обыр ауруының алдын алу мақсатындағы іс шара.

Обыр ауруының алдын алу мақсатындағы іс шара.

Дүние жүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың бастамасымен 2005 жылғы 4 ақпаннан жыл сайын атап өтілуде. Жыл сайын нақты басымдылықты тақырыппен белгіленеді.

Дүние жүзілік және он күндіктің мақсатыхалықтың және жұмыс берушілердің назарын осы ауқымды мәселеге аудару; біздің уақытымызда қатерлі ісік ауруларының  қаншалықты қатерлі және кең таралғандығын ескерту; халықтың,жұмыс берушілердің және медициналық қызметкерлердің қатерлі ісікті ерте анықтау және уақтылы емдеу қажеттілігі, профилактикалық шаралар туралы хабардарлығын арттыру.

Осыған орай ауданымызда он күндікке байланысты әр түрлі  шараларды өткізу жоспарланған. Соның ішінде  2017  жылдың 1 – 10 ақпаны аралығында салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері В. Егоров, медбикесі Г. Абдыкерова  ұйымдастыруымен Улкен Нарын ауданының білім беру мекемелерінде және аудандық ішкі істер бөлімінде, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында семинар-тренингтері өткізілді. Семинар-тренингқа қатысқан Катонқарағай ауданының орталық ауруханасының дәрігер онкологі  А. Абишев  «Обыр ауруының алдын алу» және «Өз денсаулығыңызды күтіңіз – медициналық тексеруден өтіңіз» атты тақырыбында лекция өткізді. Тақырыпқа сай маңызды ақпараттар беріп, денсаулықтың баға жетпес сыйы екендігін, оны бағалай білу қажеттігілігі туралы әңгімеледі.  Семинарға қатысушылар мазалаған сұрақтарына қанағаттанарлық  жауаптарын алды.  Ақпараттық-ағарту материалдар тараттылды: (листовка: «Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: Өз денсаулығыңыз туралы қамданыңыз, медициналық тексеруден өтіңіз», буклет: «Өңеш обыры мен асқазан обыры туралы нені білу қажет. Бұл ауруларың қалай алдын алуға болады?», «Өз сүт бездеріңді тексер», «Бауыр обыры туралы нені білу қажет және бұл ауруды қалай алдын алуға болады?», кітапша «Сіз қатерлі ісік туралы не біліуіңіз тиіс»).