Физикалық белсенділік - бұл адамзат функциясының негізгі түрі. Денсаулық өмір сапасының негізін айқындайтын маңызды фактор. Физикалық белсенділік денсаулықты жақсартуда қан айналым жүйесі, қан қысымы, қант диабеті және қатерлі ісіктің кей түрлеріне, кешенді қолдануда созылмалы ауруларға да жүйелі пайдасы сансыз. Сонымен қатар күйзелісті жойып, адамның психикалық жай-күйін жақсартады. Физикалық белсенділік энергияны шығындаудың детерминанты, сондықтан энергетикалық теңгерім мен үйлесімді салмақта мәні зор.
Медициналық қызметкерлердің республика тұрғындарының денсаулығын нығайту жолында физикалық белсенділікке демонстрация жасауында имиджі зор.
2017 жылдың 9 маусымы күні Катонқарағай орталық аудандық ауруханасында медициналық қызметкерлер арасында спартакиада өткізілді. Іс-шараны мекеме бас дәрігері Байгереева Сауле Исаевна ашты. Спорттық шара физикалық білім беру мен спорт бөлімінің бас маманы Лисовцева Любамен қазылық етілді. 60 метрлік жеңіл атлетикалық жүгіру, 400 метрге эстафеталық жүгіру , арқан тарту және армрестлинг өткізілді. Спорттық шара соңында жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
СӨС кабинеті дәрігері
Владимир Егоров