2018 жылдың 5 наурызында сағат 10.00-де Үлкен-Нарын ауылының орталық алаңында Катонқарағай ауданының әкімі А. А. Нұрғожинның өкімінің негізінде ауданның мемлекеттік қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері күшімен қатарлы қарау өткізілді. Бұл шаралар 2018 ж.
Су тасқыны кезеңіндегі басқару органдарының, АҚМЖ (азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі) күштерінің төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындыққа бағытталған. Қатарлы қарауға қатысқандар: энергетика қызметтері, қоғамдық тәртіпті қорғау, өрт сөндірі қызметі, медициналық қызмет, сауда қызметі, ақпараттық және инженерлік қызмет. Медициналық қызмет құрамына бас дәрігер орынбасары Молдожанова М. К. басқаруымен 1 бригада кірді. Су тасқыны кезеңінді әртүрлі сәйкесінше медициналық салдар болады: асфиксия, механикалық жарақат, тыныс алу жүйесінің қабыну аурулары, халықтың едәуір бөлігінде психо-эмоционалдық жүктеме, созылмалы аурулардың өршуі. Суық тиюге байланысты гипотермия болады, зардап шеккен аймақта санитарлы-гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық жағдай нашарлайды.
Катонқарағай ауданының әкімінің қорытындысы бойынша қатарлы қарауда барлық азаматтық қорғаныс қызметтері бірлесе жұмыс істеді, шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуге «Дайын» деген баға берді.
Техника қауіпсіздігінің инженері Абиев Асхат