Қазақстанда, басқа әлем елдері сияқты онкологиялық аурулардың белең алғандығы байқалады. 2016 жылы 37 мың қазақстандық обыр аурымен тіркелді. Барлығы 164 мың науқас қатерлі ісіктің әр түрлі формаларымен есепте тұрады. Онкологиялық аурулармен жыл сайын 15 мың қазақстандық ауырады.
7 ақпан күні Аудандық Орталық аурухананың қызметкеркерлерімен «Онкологиялық ауруларды алдын-алу туралы» іс-шаралар жүргізілген еді.
Жаңа-Хайрузов орта мектебінде онколог дәрігері және ЗОЖ кабинетінің дәрігерімен жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар арасында «Скринингті уақытында өту», Қатерлі ісіктің алдын-алу туралы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салып, белсенді қатысты.
Үлкен-нарын ауылының Орталық алаңында медицина қызметкерлерімен тұрғындар арасында науқан (акция) өткізілді. Барлық өткен-кеткендерге ақпараттық- әдістемелер таратылды.
9 ақпан күні орталық аудандық аурухананың конференц залында аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне және В. И. Ленин мектебінің ұстаздарына арналған мед.қызметкерлерімен «Скринингтен уақытында өту», «Онкологиялық аурулардың профилактикасы», «Дұрыс тамақтану (құрамында қант, тұз, трансмайлар мөлшері артық тағамдарды шектеу)» тақырыбында сұрақ-жауап кеші өтті. Біздің өңірде бұл тақырып өзекті болғандықтан ұстаздар, полиция қызметкерлері өз ойларымен бөлісті, онкологиялық аурулардың әр-түрлі аспектеріне қызығушылық білдірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: қоғамның ғаламдық мәселесі- қатерлі ісік аурулармен күрес және олардың алдын-алу, халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, уақытында скринингті зерттеулерден өту болып табылады.
СӨС кабинетінің дәрігері Владимир Егоров