Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Екпелер – Шындық және өтірік!

Екпелер – Шындық және өтірік!

Сәуір айының соңғы аптасында өткізілетін Дүниежүзілік иммундау апталығы вакцинаның көмегімен сақтандыруға болатын аурулардан әрбір адамды қорғау үшін қажетті ұжымдық әрекеттерге назар аудартуға шақырады.

Иммундауға мүмкіндікті кеңейту тұрақты даму саласында Мақсаттарға жетуде басты рөлді атқарады. Жоспарлы иммундау медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен денсаулық сақтау саласының қызметтерімен қамтудың тиімді іргетасы болып табылады, себебі ол өмір бастала салысымен  медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығымен байланысты қамтамасыз етеді және әрбір балаға туылғаннан бастап салауатты өмір сүруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, иммундау вирусты гепатитпен күресуден бастап микробқа қарсы дәрі-дәрмекке төзімді болуыға дейін денсаулық сақтау саласының өзге де басым мақсаттарына қол жеткізу, жасөпірімдердің денсаулықтарын сақтауға тұғырды қамтамасыз ету және босануға дейінгі көмек пен жаңа туылған балаларға көмек көрсету сапасын арттыру үшін басты стратегиялардың бірі болып табылады.

Екпелер – Шындық және өтірік!

1-өтірік: Гигиена мен санитария деңгейі артқанда, аурулар болмайды — вакциналардың қажеті жоқ.

Шындық: Вакцинация жасалатын аурулар, егер вакцинация бағдарламаларын тоқтатса, қайта пайда болады. Тазалықты сақтау, қолды жуу ережелерін сақтау мен таза су адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауға көмектессе де, біздің тазалығымыздың деңгейіне де байланыссыз таралуы мүмкін. Егер халыққа вакцина жасалмаса, сирек кездесетін аурулар, мысалы полиомиелит пен қызылша қайтадан тез пайда болады.

2-өтірік: Вакциналар әлі де белгілі емес, бірқатар зиянды және жанама әсерді тудырады. Вакцинация өлімге душар етуі мүмкін.

Шындық: Вакциналар қауіпсіз. Көбінесе вакцина болар-болмас және уақытша реакция беруі, мысалы қолдың ауыруы немесе дене қызуының кішкене көтерілуі мүмкін. Қауіпті жанама әсерлер өте сирек және мұқият қадағаланып зерттеледі. Көбінесе вакцинаның өзіне қарағанда вакцинаның нәтижесінде алдын алуға болатын аурудың салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, полиомиелит болған жағдайда аурудың салдары салдыққа алып келуі мүмкін, қызылша энцефалит пен соқырлыққа шалдықтыруы мүмкін, ал вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын кейбір аурулар өлім-жітімге әкелуі мүмкін.

3-өтірік: Вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын аурулар мен тұрып жатқан елде жоқ, сондықтан вакциналауға да негіз жоқ.

Шындық: Вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын аурулар әлемнің көптеген елдерінде сирек кездесетін болса да, оларды қоздыратын инфекциялар әлемнің кейбір жерлерінде айналымын жалғастыруда. Өзара байланысқан әлемде бұл қоздырғыштар шекарадан өтіп, кез келген қорғалмаған адамға жұғуы мүмкін. Сондықтан, екпе жасатудың негізгі екі себебі бар — ол өзіңді қорғау және айналамыздағы адамдарды қорғау, аурулардың таралуының айналамыздағы адамдарда болмауымен шектелмеуіміз керек; біздің де бұған күш салуымыз қажет.

4-өтірік: Балаға бірнеше вакцинаны бір уақытта салу баланың иммундық жүйесіне күш түсіретін қауіпті жана әсерлердің қаупін арттыруы мүмкін.

Шындық: Ғылыми мәліметтерге сәйкес бірнеше вакцинаны бір уақытта салудың баланың иммундық жүйесіне жағымсыз әсерлері болмайды. Балалар иммундық реакция тудыратын жүздеген бөтен заттарға күнделікті тап болады. Бала вакцинаға қарағанда тұмаурату немесе баспаның нәтижесінде антигендердің әсеріне көп шалдығады. Бірнеше вакцинаны бірден салудың басты артықшылықтары емханаға барудың санын азайту, яғни уақыт пен ақшаны үнемдейді және балаларға ұсынылатын екпелерді кестені сақтау арқылы егу мүмкіндігі артады. Сонымен қатар, біріктірілген, мысалы қызылша, паротит пен қызамық қарсы вакциналау мүмкіндігі ине салу санын азайтады.

5-өтірік: Вакциналауға қарағанда, аурудың нәтижесінде иммунитетті көтерген жақсы.

Шындық: Вакциналар табиғи инфекцияға қарсы көтерілетін иммундық реакцияға ұқсас иммундық реакция тудыра отырып, иммундық жүйемен өзара әрекетте болады, дегенмен олар ауру тудырмайды және вакцина жасалған адамды әлеуетті асқыну қаупіне шалдықтырмайды. Бұдан басқа, табиғи инфекцияның нәтижесінде иммунитетті көтеру, b типті гемофильді тұмау (Hib) шалдықтыратын ақыл-ой кемістігіне, қызамықтың салдарынан туа біткен ақауларға, В гепатиті вирусынан бауыр обырына немесе қызылшадан өлім-жітімге душар етуі мүмкін.

6-өтірік: Вакциналардың құрамында денсаулыққа қауіпті сынап бар.

Шындық: Тиомерсал консервант ретінде кейбір вакциналарға қосылатын құрамында сынабы бар органикалық зат болып табылады. Бұл бірнеше мөлшерде құтымен жеткізілетін вакциналарда қолданылатын ең көп таралған консерванттар. Вакциналарда қолданылатын тиомерсалдың мөлшерінің денсаулық үшін қауіптілігін көрсететін мәліметтер жоқ.

7-өтірік: Вакциналар аутизмге шалдықтырады.

Шындық: ККП-ға қарсы (қызылша, қызамыз және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина) мен аутизм немесе аутистикалық ауытқулар арасындағы байланысты растайтын мәліметтер жоқ.