Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 406-V ҚРЗ
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші кезекте – Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне сәйкес талаптар сомаларының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы төлеу және өтемақылар төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысулар жүргізіледі;»;
2) 52-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердiң (дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның) ақшалай мiндеттемелер бойынша кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргізуге, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге сот белгілеген қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
742-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына» деген сөздерден кейін «, міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдарын және (немесе) жарналарын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 35-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;»;
мынадай мазмұндағы 2-2 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«2-2. Республикалық бюджеттен:
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу мақсатында;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарлық көмекке ақы төлеуі мақсатында;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша қаражатын аудару осы қорға трансферттер болып табылады.»;
«7. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 53-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) денсаулық сақтау:
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуi;
республикалық деңгейде әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру;
психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң медициналық бақылауды қажет ететiн адамдарға медициналық көмек көрсету;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргiзу;
ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;
айрықша қауіпті инфекцияларға қарсы iс-қимыл;
республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
жергiлiктi бюджеттерден және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;»;
3) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) денсаулық сақтау:
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу;
жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;»;
4) 55-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) денсаулық сақтау:
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналар, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттар сатып алу;
жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;»;
5) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда пайда болған берешекті өтеуге байланысты атқару парағын немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.»;
6) 100-баптың 2-тармағында:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;»;
«4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;».
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
446, 591, 592, 594 және 598-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«446-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiн төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) мерзiмдерi»;
«591-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомаларын есепке алу
592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алу»;
«594-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу»;
«598-бап. Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi»;
2) 13-баптың 1-тармағының 7) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салық органы салықтық өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;»;
«8-1) сауал бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;»;
3) 18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары), әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды (бұдан әрі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;»;
4) 19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстап қалудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалу мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті, оператор) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент — салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуын талап етуге;»;
5) 20-баптың 1-тармағының 3), 4), 11), 12-1), 15), 16) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеушінің (оператордың) – салық міндеттемесін, салық агентінің (оператордың) салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалу мен аударудың уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;
4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алуды жүргізуге;»;
«11) осы Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу мен аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) хабарлама және (немесе) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның көшірмесін тапсыруға;»;
«12-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;»;
«15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы үзінді көшірме беруге;
16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат беруге;»;
«20) салық төлеушінің талап етуі бойынша – салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапты салыстыруды жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;»;
6) 31-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.»;
7) 37-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
«11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару бойынша міндеттер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін және міндетті осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық органының хабарламасы негізінде орындауға міндетті.»;
12-тармақта:
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;»;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі өтелген күннен;»;
8) 37-1-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері мен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етiлгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер жiбередi.»;
9) 37-2-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелер таратылатын заңды тұлғаның немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің аудиторлық ұйым салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осындай салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауына жатады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.»;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) тарату балансын;
2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.
9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.
10. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген, салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеу (аудару) мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
10) 38-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтың, төлемақының түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.
5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.»;
11) 39-1-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратудың салық есептiлiгi салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша құралады, олар бойынша құқықтары мен мiндеттерiн беретiн тұрақты мекеме мұндай есептiлiктi табыс ету жөнiндегi мiндеттеме туындаған салық кезеңiнің басынан бастап оны салық органына табыс еткен күнге дейiнгi кезең үшiн төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылады.»;
12) 40-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
Таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.»;
5-тармақта:
бесінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі, салықтардың, төлемақы мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттарды:
1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемақылардың, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;
13) 41-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
3, 8 және 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
«8. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды деп есептеледі.»;
«10-1. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
14) 42-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор төлеушілер және (немесе) салық агенттері болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
7 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.»;
«10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
15) 43-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері мен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Салық төлеушi салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.»;
13-тармақта:
бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған кезде – осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда – салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
16) 43-1-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
төртінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.»;
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару күнінен;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салық міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.»;
17) 63-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 -67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.»;
3-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2) кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу мен аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда — салық кезеңінің қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;
3) қосымша есептілік – осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
5) тарату есептілігі – салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, сондай-ақ тіркеу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.»;
18) 69-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде – тексерілетін салық кезеңінің;»;
19) 70-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586 және 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.»;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) – тексерілетін салық кезеңінің;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;»;
20) 72-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өзге түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша – декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімін өзгертпейді.»;
21) 73-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша салық есептілігін табыс етеді. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болған;»;
22) 74-бапың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушіде (салық агентінде) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.»;
23) 100-бап мынадай мазмұндағы 14-2-тармақпен толықтырылсын:
«14-2. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес:
1) есептік салық кезеңінде, есептік салық кезеңі және (немесе) есептік салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде;
2) есептік салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде есептік салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленген аударымдар бойынша салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.»;
24) 155-баптың 3-тармағында:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;»;
мынадай мазмұндағы 31-2) тармақшамен толықтырылсын:
«31-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;»;
25) 183-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсiпкердiң салық салынатын кірісін айқындау кезiнде осы Кодекстiң 100-бабы 14-2-тармағының, 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелерi қолданылмайды.»;
26) 192-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі;»;
27) 432-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Патент құнына дара кәсіпкердің жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының төленуге жататын сомалары қосылады.»;
«Патент құнына қосылатын дара кәсіпкердің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.»;
28) 446-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«446-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң жекелеген түрлерiн төлеу, міндетті
зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды,
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу
(аудару) мерзiмдерi»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) мынадай тәртіппен:»;
29) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;
30) 556-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;»;
31) 581-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.»;
7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын:»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;»;
32) 588-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кейіннен жеке шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;»;
3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген, кемітілген сомасы болып табылады.»;
4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша салық органы есепке жазған сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомасы болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша жүргізіледі.»;
33) 589-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында немесе салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.
Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін жеке шоттан есеп-қисаптар сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес жеке көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленген (есепке жатқызылғандарын, қайтарылғандарын шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгендерін шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.
3. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы жеке шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың жеке шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың жеке шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.»;
34) 590-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі, тауарлар декларациясы деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.»;
35) 591-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«591-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының,
мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының,
әлеуметтiк аударымдардың, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға аударымдардың және
(немесе) жарналардың есепке жазылған сомаларын
есепке алу»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомалары туралы:»;
36) 592-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған
салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi, мiндеттi зейнетақы
жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы
жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке
алу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған және қайтарылған сомаларын есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;
2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
4) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;
5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.»;
37) 593-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша өсімпұлдардың, айыппұлдардың есеп-қисабының сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.»;
38) 594-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«594-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер, мiндеттi зейнетақы
жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы
жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисаптарды
салыстырып тексеру жүргiзу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салыстырып тексеру актісі беріледі.»;
39) 595-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуына байланысты құжаттары жеке шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.»;
40) 598-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы
жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы
жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
және (немесе) жарналар бойынша берешектiң жоқ
(бар) екендiгi туралы мәлiметтердi ұсыну
тәртiбi
1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сұрау салуды беруге құқылы.»;
41) 607-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу, төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) таратудың салық есептілігін табыс еткен күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомалары туралы – таратудың салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;»;
4) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер салық төлеушінің осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауына жатады.»;
3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы – осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;»;
42) 608-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеуші осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламаларда көрсетілген, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша міндеттемелерді орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келісу туралы өтінішті табыс етеді.»;
43) 611-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша клиенттің міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;»;
44) 612-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақшаны кейiннен салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi өтеу есебiне аудару үшiн тапсыру;»;
45) 627-баптың 5-тармағында:
1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кешенді тексеру – салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiн орындау, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру.»;
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы;»;
46) 632-баптың 3-тармағының 2) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығы;»;
«7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотынан ақшаларды есептен шығару және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдау бойынша операцияларды жасаған күні салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке жатқызбауы);»;
47) 637-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер таратудың салықтық есептілігі алынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.»;
48) 638-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды және өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, бейрезиденттердің кірісінен төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есепке жазуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке жазылған салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды және өсiмпұлдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген таратудың салық есептілігін ұсыну күнінен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.»;
49) 657-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.»;
50) 664-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды;».
5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 11-1 және 33-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«11-1-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия»;
«33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі»;
42 және 76-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер»;
«76-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу»;
мынадай мазмұндағы 185-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«185-1-бап. Өтпелі ережелер»;».
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;»;
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын және шарттар, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканың сатып алынуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
20) және 21) тармақшалардағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 51-1) және 51-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«51-1) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер;
51-2) жоспарлы медициналық көмек – шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті қажет етпейтін профилактикалық іс-шаралар, аурулар мен жай-күйлер кезіндегі медициналық көмек;»;
70) және 74) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«70) медициналық көмек – халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ емделмейтін аурулардың ауыр белгілерін жеңілдетуге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;»;
«74) медициналық қызметтер көрсету – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;»;
мынадай мазмұндағы 118-1) тармақшамен толықтырылсын:
«118-1) шұғыл медициналық көмек – уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;»;
3) 2-баптың 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;
3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық техниканы сатып алу;»;
4) 6-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
12) және 12-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;»;
«12-2) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекітеді;»;
5) 7-баптың 1-тармағында:
75) тармақша алып тасталсын;
123) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 124) және 125) тармақшалармен толықтырылсын:
«124) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер мөлшерін, сондай-ақ оларды қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
125) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
6) 9-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
7) 10-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтерді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;»;
8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы
жөніндегі біріккен комиссия
1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.
2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру тәртібін, оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 14-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу уәкiлеттi орган бекiтетiн аккредиттеу стандарттарына олардың қызметiнiң сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және ол тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған қызметтерді сатып алу шарттарын жасасу кезінде ескерiледi;»;
10) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;»;
11) 24-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері үшін – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт негізінде жүзеге асырылады.»;
12) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
«33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі
Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:
1) базалық – осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;
2) медициналық көмектің мыналарды:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті;
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.»;
13) 34-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін, материалдық-техникалық базасын, ғылыми-техникалық әлеуетін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) мынадай:
әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде – уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың болу-болмауына қарамастан стационарлық көмек;
4) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде – алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек;
5) профилактикалық екпелер кіреді.»;
«4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
14) 35-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;»;
15) 38-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызмет;»;
16) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін
қызметтер
1. Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
17) 44-баптың 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
18) 45-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығы ескеріле отырып, олардың тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.»;
19) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек.»;
20) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.»;
21) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стационарды алмастыратын көмек – медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.»;
22) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
76-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн
көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен медициналық
мақсаттағы бұйымдарды сатып алу
1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар халықаралық патенттелмеген атауларымен, ал пациенттің қабылдауына болмайтын жағдайда – сауда атауларымен сатып алынады. Көп компоненттi дәрiлiк зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетiледi.
2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсау мақсаттарында дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкiлеттi орган белгiлегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.»;
23) 88-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық ұйымды, оның ішінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттармен медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті таңдауға;
4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өздерінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;»;
24) 90-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;»;
4-тармақ 16) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеуге міндетті.»;
25) мынадай мазмұндағы 185-1-баппен толықтырылсын:
«185-1-бап. Өтпелі ережелер
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 34-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылатын болып белгіленсін:
«2) әлеуметтік мәні бар аурулар, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде мыналарды:».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында тақырыбы мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:
«92-1-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу»;
2) 44-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы 10) тармақшадағы «сомасының пайызымен көрсетiледi.» деген сөздер «сомасының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) сомасының пайызымен көрсетiледi.»;
3) мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:
«92-1-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілердің тізімдерін ұсынбау;
2) жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуі, (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы) түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік суъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың сомаларын алуға мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындамау түрінде орындамауы –
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде төлеушілердің банктік шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы заңға сәйкес белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
4) 220-бапқа ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде, 92-бабының төртінші бөлігінде, 92-1-баптың үшінші бөлігінде, 285-бабында жауаптылық көзделген әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.»;
5) 285-баптың үшінші бөлігінің 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;»;
«5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;»;
6) 720-баптың бірінші бөлігі «92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 92-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «92» деген цифрлардан кейін «, 92-1» деген цифрлармен толықтырылсын.
7. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат):
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Денсаулық сақтау
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ерікті медициналық сақтандыру полисі болған кезде көрсетіледі.».
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зейнетақы активтерiн, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»;
2) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың конкурстық массасын қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшiн сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.»;
3) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, зейнетақы активтері есебінен, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптар қанағаттандырылады;».
9. Алып тасталды - ҚР 22.12.2016 № 29-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат):
5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;»;
11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.».
12. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 2-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) медициналық туризм – тұратын жерiнiң шегiнен тыс жерде мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алумен демалысты бiрiктiру көзделетiн туризм түрi;».
13. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):
3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатпайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн орындау;».
14. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
98-баптың 16) тармақшасындағы «көмектен өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «көмектен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен өндіріп алуға болмайды.».
15. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 35-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.»;
2) 39-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына;»;
3) 41-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.»;
4) 43-1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы тиіс.».
16. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек шарттары бойынша еңбекақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;»;
12) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) дәрменсiздiк – кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi;»;
«18) кредитор – еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша, авторлық сыйақыны, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және борышкердің өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;»;
2) 5-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу, алименттердi өндiрiп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу жөніндегі кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөнiндегi міндеттемелері оларды орындау мерзiмi басталған күннен бастап үш ай iшiнде орындалмаған және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген бір жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем емес соманы құрайды;»;
3) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қолданылады.»;
4) 77-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жүрген адамдармен өтемақыларды төлеу және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар жүргiзiледi;»;
5) 100-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бiрiншi кезекте өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақыларды төлеу бойынша, авторлық шарттар жөнiндегi сыйақыларды төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады.
Бiрiншi кезектегi талаптарды өтеу осы тармақта жазылған тәртiппен жүзеге асырылады.
Кредиторлардың өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша талаптарын өтеу үшiн мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда, мүлiк кредиторлардың тiзiлiмге енгiзiлген талаптарының сомаларына пропорционалды түрде олардың арасында бөлiнедi. Осы бөлiктің ережелерi кредиторлардың алименттердi өндiрiп алу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақыларды төлеу бойынша, авторлық шарттар жөнiндегi сыйақыларды төлеу бойынша талаптарын өтеу кезiнде қолданылады.»;
6) 101-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кредитордан басқа, кредитор оны банкроттықты басқарушы ұсынған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспайтын мерзiмде мүлiктi талапты өтеу есебiне заттай қабылдау туралы өзiнiң жазбаша келiсiмiн (келiспейтiнiн) бiлдiруге тиiс. Кредитордың жазбаша келiсiмiн белгiленген мерзiмде ұсынбауы мүлiктi заттай қабылдаудан бас тартуы болып танылады.».
17. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген
көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты:
1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру турлы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) мынадай:
әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын, аурухана жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың болу-болмауына қарамастан стационарлық көмек;
4) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде – алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек;
5) профилактикалық екпелер нормалары мен нормативтерін қамтиды.»;
2) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Өтпелі ережелер
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 30-бабы 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылатын болып белгіленсін:
«2) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде мыналарды:».
18. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 16, 79-құжат):
1-баптың 13-тармағында:
2) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тармақ 12) тармақшадағы «операторлары жатады.» деген сөздер «операторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:»;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жатады.»;
3) тармақшада:
үшінші, алтыншы және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11), 18), 19) 20), 21) және 22) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер мұндай операция өзiнiң сипаты бойынша осы баптың 2-тармағында көзделген операция түрлерiнiң бiреуiне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:»;
«осы баптың 2-тармағының 9), 20) және 22) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн – 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 7 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;»;
«мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:»;
жиырма бірінші абзацтағы «жасау жатады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
«22) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды енгізу, аудару жатады.».
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-бап. Осы Заң:
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының үшінші, жетінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8), 10), 22) тармақшаларын, 10, 12, 14, 18-тармақтарын;
2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 3-тармағының 5), 6) тармақшаларын, 4-тармағын, 5-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын, 5), 7), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының он төртінші абзацын, 24) тармақшасын, 6, 8, 13, 16-тармақтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларын, 5-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацын, 6), 11) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 23) тармақшасының екінші абзацын, 7, 15-тармақтарын, 17-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 29-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК