нужен перевод

Тізбе:
872341-2-23-05
Жедел жәрдем:
872341-2-14-41

«Балалар мен жасөспірімдерде қант диабетінің алдын алу» дәріс оқу

«Балалар мен жасөспірімдерде қант диабетінің алдын алу» дәріс оқу

Диабет - асқазан асты безі инсулинді жеткіліксіз өндіргенде пайда болатын бұл созылмалы ауру (бұл, қандағы қант немесе глюкозаның құрамын реттейтін гармон) немесе ағза өзі өңдеген инсулинді тиімді қолдана алмағанда.

Бағалау бойынша, 2014 жылы диабетпен бүкіл әлемде 1980 жылғы 108 миллионнмен салыстырғанда 422 миллион ересек адам ауырған. Диабетпен аурудың глобальды деңгейі 1980 жылдан бастап  (жасқа қарай стандарттау) екі еселенді, 4,7% дан 8,5% ға ересек тұрғындар арасында жоғарлады. Бұл қатар жүретін артық салмақ немесе семіру сияқты қауіп факторларының жоғарлауын айқындайды. Диабетпен ауратын адамдардың көпшілігі 2 түрлі диабетпен бар, бұрынырақ 2 түрлі диабет тек ересек адамдар арасында байқалатын, бірақ қазір ол балаларды да зақымдайды.

Әрбір адам білуге тиіс, дұрыс тамақтану арқасында, денелік белсенділікке, қалыпты дене салмағын ұстау, темекі мен алкогольді қабылдаудан бас тартқанда диабетпен аурудың алдын алуға, оның пайда болу қаупін азайтады.

Сау тұрғындарды қалыптастыруда балалар мен жасөспірімдерде диабеттің уақытылы алдын алу, ауруды ескерту маңызды болып табылады.

Ата-аналарға диабеттің алдын алуды ертерек бастауды ескеру керек. Балалар әдетте белсенді, қуатты болады, сондықтан оларда мазасыздарда дами бастаған алғашқы белгілерді байқамау қиын. Жиі былай болады, кез-келген бала емделуді жақсы көрмейді, сондықтан ата-анасына өзінің ауруы туралы айтпайды. Қант диабетінің алдын алудың назар аударарлық  біраз ұсыныстары бар:

  • Күн тәртібін сақтау;
  • Дұрыс рационалды тамақтануды ұйымдастыру. Ас қабылдау күніне 3 реттен кем болмауы керек. Баланың рационына баяу көмірсутектерді қосу ұсынылады: жапырақты көкөністер, ал тәттілермен, конфеттер, шоколадтар, тәтті тоқаштар қанты көп қатты газдалған сусындарды артық қолданбау қажет. Бәрі саналы санда болуы керек.

Егер сізге балаңыз қауіп тобына кіретіні немесе қандағы қант деңгейінің  құрамы мәселелері бар екені белгілі болса, ол сезінуге жақсы әсер етпейтіні сізге жаңалық емес:

  • ретті дене жүктемесі. Компьютер ойындарының орнына бірлескен таза ауадағы белсенді ойындар тамаша вариант болып саналады;
  • ас мәзірінде көкөністердің, жемістердің, жаңғақтардың, бұршақ тұқымдастардың болуы;
  • иммунитеттің жоғарлауы;
  • стресстерден алшақтау (баланы жанұядағы жанжалдардан және оны қатты қобалжудан қорғаңыз);
  • шылымға тиым салу. Бұл жасөспірімдерге қатысты, олар өзін көрсету мақсатында темекі шегуді бастаулары мүмкін, ал ол жас ағзаға міндетті түрде зиянын тигізеді. Сондай-ақ ағзаға түсетін никотин диабеттің дамуына және оның кейінгі асқынуларына әсер етеді;
  • тұрғылықты мекен жай бойынша емханада кезеңді қаралулардан өту. Әсіресе, ол жақын туыстары арасында қант диабетімен ауратын адамдар бар болса өзекті.

Құрметті ата-аналар, қант диабетін балалар мен жасөспірімдер арасында ерте алдын алу аурудың алдын алуға және оның пайда болуы қаупін төмендетуге көмектесетінін ескертеміз.