Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету

Жыл сайын Катонқарағай тұрғындары міндетті скринингтік қараудан өткізіледі. Халықтың нысаналы топтарын скринингтік қараудың басты мақсатына ауруды ерте сатысында анықтау, тудырушы фактордың алдын алу, тұрғындар денсаулығын қалыптастыру және нығайту жатады. 

Біздің ауданымызға бас дәрігер басшылығы Байгереева Сауле Исақызы ұйымдастыруымен Семей қаласы кеңестік диагностикалық орталығы мамандары қан айналым жүйесі ауруының алдын алу мақсатындағы скринингтік қарауға  мамандар жүгіндірілді. Мамандар құрамына функционалдық диагностика дәрігері Турсумбекова Салтанат Казбековна, кардиолог дәрігері Жокебаев Еділ Сергазинович және медбикелері Дюсенбаева Мадина Слямовна мен Мусина Гульнара Секеновна кірді.

Мамандар 16,17 тамыз күндері Улкен Нарын ауылында 100 адам, Ново-Поляковка ауылында 30 адам, Солоновка ауылында 50 адам және Алтынбел ауылында 39 адам қабылдады. Жұмыс барысында 3 туа біткен патология анықталып толықтай тексерілуге жолдама берілді.  Скринингтік қараудан өткен ауыл тұрғындары облыстық медициналық қараудан өтуге мүмкіншіліктері бола бермейтіндігін  ескертіп, ұйымдастырушылар мен дәрігерлерге өз ризашылықтарын білдірді.

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы медициналық қызметкерлер алдында  қолжетімді, толық және сапалы медициналық қызмет көрсету және  денсаулық  саласында кешенді  аурудың алдын алу және нығайту басты мақсатын қояды. Жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлері айтылып өткен бағдарламаны  іске асыру жолында шалғай ауыл тұрғындарына қолжетімді медицина қызметін көрсету бастапқы қадамдарының бірі және болашақта да жүзеге асырылуына  күш салысады.

 

СӨС кабинетінің дәрігері.                                                                                                               

Владимир Егоров