нужен перевод

Тізбе:
872341-2-23-05
Жедел жәрдем:
872341-2-14-41

Ауру – дене белсенділігінің жетіспеушілігі!

Ауру – дене белсенділігінің жетіспеушілігі!

Статистикалық мәліметтер бойынша әлемде 70% өлім созылмалы инфекциялық емес ауруларға байланысты болып келеді – бұл жылына шамамен 40 млн өлім.  Инфекциялық аурулар, біздің елімізде, барлық аурулардың жалпы санының тек 2% құрайды. Әлемнің көптеген елдеріндегідей назарды созылмалы ауруларды емдеуден олардың алдын алуға, қоғамдық денсаулықты сақтауға бағыттау қажет екендігі белгілі.

ДДСҰ денсаулықты – аурулар мен ағза ақаулардың жоқтығы деп қана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік аман-есендік деп анықтайды.

Физикалық инерттілік (жеткіліксіз дене белсенділігі) маңыздылығы бойынша жаһандық өлімнің төртінші қауіп факторы болып табылады (әлемдегі 6% өлім). Одан басқа, бағалау бойынша, физикалық инерттілік сүт безі мен тоқ ішек обырының (шамамен 21-25% жағдайлар), диабеттің (27 % жағдайлар) және жүрек ишемия ауруының (шамамен 30% жағдайлар) пайда болуының негізгі себебі болып табылады.

Ересек адамдар арасында тиісті деңгейде дене белсенділігімен әрдайым айналысу денсаулыққа келесі әсерін тигізеді:

  • Жоғары қан қысымы, инсульт, диабет, сүт безі мен тоқ ішек обыры, депрессияның даму және құлау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді;
  • Сүйектердің қатаюуы мен функционалды денсаулықтың нығаюына себебін тигізеді;
  • энергия шығынының негізгі детерминанты болып табылады, демек, энергетикалық алмасу мен тиісті салмақты ұстап тұруда шешуші рөл атқарады.

ДДСҰ мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жетіспеушілігі инсульт, диабет пен обыр сияқты инфекциялық емес ауруладың (ИЕА) маңызды қауіп факторы болып табылады. Көптеген елдерде адамдар дене белсенділігімен әлдеқайда аз айналысуда. Бүкіл әлемде 23% ересектер мен мектепке баратын 81% жасөспірімдер дене белсенділігінің жетіспеушілігін сезінуде. 

Дене белсенділігі деңгейін арттыру жеке адамдардың ғана емес, сонымен қатар, барлық қоғамның мәселесі болып табылады. Сондықтан, оның шешімі үшін мәдениеттің ерекшеліктерін ескеретін және тұрғындардың жеке топтарына бағытталған көпсалалы, көптәртіптік тәсіл қажет. Бүгінгі таңда бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыс жүруде, мысалы, қалаларда веложолдардың салынуы, тұрғын үйлердің аулалары  мен саябақтарда спорттық алаңдардың салынуы.