Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Абайла, кене!!!

Абайла, кене!!!

Катонқарағай, Зырян, Шемонаиха, Ұлан, Глубокое аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының аумақтары кене энцефалитінің табиғи ошақтары.

Кене энцефалиті табиғи-ошақтық, вирустық ауру, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда, науқас адамдар сал ауруына шалдығады.

Бұл ауруды иксодес кенелері таратады. Адамдар арасында кене энцефалитінің жағдайлары көбінесе сәуір-мамыр-маусым айларында жиі тіркеледі, бұл кенелердің санының көбеюі мен белсенділігінің артуына байланысты. 

Кенелер адамдарды көбінесе табиғатқа демалуға, мал жаюға, орманды жерлерде, саяжайларда жұмыс істегенде жиі шағады. Бірақта, кене энцефалитін орманға бармай-ақ, жұқтырып алуға болады, сондықтан кенені үйге әкелмеу үшін, табиғат аясынан келгенде үй жануарларын, гүл шоқтарын және т.б. заттарды мұқият тексеру керек. 

Кенелер кене энцефалитінен басқа да: кене бөртпе сүзегі, кене боррелиозы, туляремия сияқты жұқпалы аурулардың таратушысы болып табылады.

Кенелерден сақтану үшін қарапайым ережелерді орындау қажет:

  • Кененің денеге жабысуына жол бермеу керек, ол үшін:

1. Табиғат аясына барғанда арнаулы киім кию: жеңі ұзын ер адамның көйлегін киіп, жағасын, жеңін түймелеп, етегін шалбарға салып, шалбардың балағын шұлыққа немесе аяқ киімнің ішіне салып, басқа орамал байлау керек.  

2.  Дененің ашық жерлеріне, киімге кенені жолатпайтын заттарды (репелленттерді) (Рефтамид, ДЭТА, «Кедр», «Тайга», «Антиклещ - пикник» және т.б.) жағу керек. Оларды, дәріханалар мен шаруашылық дүкендерден сатып алуға болады. 

3. Әрбiр 1,5-2 сағат сайын киiмдердi, желке мен құлақтын тұсын, қолтық пен шаптың маңайын мұқият қарап, жабысқан кене болса алып,  отқа жағып жiберген жөн.  

4. Табиғат аясына демалуға немесе жұмысқа барғанда, қалың шөбi, бұтасы аз, күннiң көзi көп түсетiн ашық жерлерге жайғасу керек.

Кене шаққаннан соң, 3 күннен кешікпей жергілікті емдеу алдын алу мекемелеріне медициналық көмекке жүгіну қажет.

 

Естерiңiзде болсын!

Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iздегендерiңiз әлдеқайда тиiмдi!Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!