Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2016 жылғы мәліметтері бойынша жыл сайын жол – көлік апатының нәтижесінде 1,25 миллионға жуық адам қаза табады. Жол – көлік жарақаттары 15 – 29 жастағы жас адамдардың өлім – жітімінің басты себебі болып табылады. Жолдағы өлім-жітімнің 90% – дан аса оқиғасы әлемдегі көлік құралдарының шамамен жартысы тиесілі болғанына қарамастан, табыс деңгейі төмен және орта елдерде орын алады. Әлемде жолда қаза табатын адамдардың жартысы «жолды осал қолданушылар» – жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен мотоцикл жүргізушілері болып табылады. Болжам бойынша әрекетсіздіктен жол – көлік оқиғасының саны өсіп, 2030 жылға қарай өлім – жітім себебінің маңызы бойынша жетінші орынды алатын болады.
Жарақаттар (жол – көлік жарақаты, суға бату, күю, биіктен құлау мен улану) 5 – 15 жастағы балалар арасында өлім – жітім мен мүгедектіктің басты үш себебінің бірі болып табылады.
Балалардың жол – көлік және тұрмыстық жарақат алу мәселелерінің әлеуметтік маңызы белгілі және осы мәселелерді шешу нені қабылдау керектігін білетін дәстүрлі медицина мен кімді және қалай оқыту немесе сақтандыру керектігін білетін педагогика ғылымдарының арасындағы шекаралық аймақта қалуда.Аталған мәселелердің сипаты барлық жағынан өз денсаулығыңды өзің сақтау ретінде өзіңнің қауіпсіз өміріңе жауапты қарым – қатынасқа және басқа адамдардың денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеуденкөрінеді.
2017 жылғы 1-30 сәуір аралығында жарақаттың алдын алу бойынша айлық аясында Үлкен Нарын ауылындағы жалпы білім беретін ұйымдарда, және бүкіл аймақ бойынша оқушылар үшін мектептердегі медициналық қызметкерлер жол-көлік және тұрмыстық жарақатының алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізді.
Аграрлық – Техникалық колледжде және Новохайрузовска орта мектебінде Орталық аудандық аурухананың салауатты өмір салты кабинетінің қызметкерлерімен және АІІБ-нің инспекторларымен бірлесіп «Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу» атты семинар – тренинг өткізілді.Іс-шара кезенінде әтүрлі жарақаттарда бірінші дәрігерге дейінгі көмек тактикасы пысықталды. Оқушылар бар ынтасымен қатысты.
СӨС кабинеті дәрігері
Владимир Егоров