Азаматтық қорғаныс пен дайындықты жетілдіру мақсатында оперативті тапсырмалар Катонқарағай ауданының әкімі бекіткен (16.11.2016 жылыдан) «2017 жылға ілімдер мен жаттығуларды өткізу туралы» жоспарына сай өткізілді.
«Басқару органдарының, аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының, апатты- құтқару қызметі күшінің жер сілкінісі төтенше жағдайын жою»-тақырыбында 2017 жылдың 26 сәуірінде Катонқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі басшысы басқаруымен аудандық (энергетика, қоғамдық тәртіпті қорғау, өртке қарсы қызмет, медициналық қызмет, сауду қызметі, ақпараттық және инженерия қызметі) қызметтерімен арнайы тактикалық оқу ұйымдастырылды. Жер сілкінісі төтенше жағдайы туындаған жағдайда әрекет ету жоспары нақтыланып, байланыс және хабарландыру жүйесі дайындығы тексерілді.
Жедел жәрдем пунктіне жер сілкінісі салдарынан монша кешенінің құлағаны және үйінді астында 3 адамның қалғаны, сонымен қатар электр сымдарының тұйықталунан өрт басталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орын алған орынға жедел бригада жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Катонқарағай ауданы төтенше жағдайлар бөлімі басшысының қорытындысы бойынша оқуға қатысқан азаматтық қорғаныс қызметтері ұйымшыл жұмыс атқарды және жедел құтқару жұмыстарын өткізуге дайын деген қорытынды жасалды.
ШҚО ДСБ «Катонқарағай аудандық
орталық аудандық орталық Байгереева С.И.
аудандық ауруханасы»
КМҚК бас дәрігері