Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Обыр ауруларына профилактика

Обыр ауруларына профилактика

4 ақпан Бүкіл әлем бойынша обыр аурына қарсы күресу күніне байланысты, обыр ауруын алдынғы сатыларда анықтау бойынша 2019 жылдың  5 – 15 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында онкүндік өткізілуде.

2018 жылда Катон-Қарағай ауданы бойынша статистикалық  деректер бойынша бүйрек, асқазан обыры асқындауда.  Сүт безі, өкпе обырына шалдығу оқиғаларыда  аз емес. Сонымен қатар қалқанша безі  обыры оқиғалары бар. Өкінішке орай біздің ауданда өліммен аяқталу оқиғалары бар.

Бүкіл әлемдік денсаулық  сақтау ұйымының деректері бойынша, барлық обыр ауруының соңғы мүмкіндіктері бойынша үш бөлігінің алдын алуға болады. Қайткенмен салауатты өмір салты, адамда обыр ауруының  толығымен дамымауына кепіл бола алмайды, салауатты өмір салтын таңдаған адамдарда обыр ауруының кейбір түрлері дамуы төмен.

Орталық аудандық ауруханада ашық есік Күні өткізілді. Гинекологиялық  және дәрігерлік  алдын алу бөлмелері мамандарымен барлық қалаушылар қаралып және оларға кеңестер берілді. Уақыттылы скрининг өту қажеттілігі және алдын алудың барлық мақсаттары әңгімеленді.

Қазіргі уақытта скрининг бағдарламасында обыр ауруының үш түрі бойынша; жатыр мойны обырына, сүт безі обырына және простата безі обырына зерттеу  жүргізілуде.

«Балбөбек» бала бақшасы ұжымында «Жатыр мойны обырынан өзін- өзі қалай сақтау керек?» тақырыбына тренинг өткізілді. Дәрігер обыр ауруының белгілері, оны дамытатын  факторлары жайында және алдын алу профилактикасы туралы түсінікті түрде әңімеледі.

Естеріңізде болсын! Обыр ауруын алғашқы сатыларында анықтау қажет! Өз денсаулықтарыңызға қамқор болыңыздар!

 

СӨС кабинетінің дәрігері                                                       Владимир Егоров