Әлемде мынадай үдерістер байқалуда: қуаттық құндылығы жоғары және майлы азық – түліктерді тұтынудың өсуі; көптеген қызметтердің аз қозғалысты сипатта болуына, қозғалыс тәсілдерінің өзгеруі мен қалаланудың өсуіне байланысты дене белсенділігінің төмендеуі.
Балалар арасында семіздік індетіне қарсы күресу үшін мектепте дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін ынталандыру қажет. Соған байланысты балалар мен жасөспірімдер өздерінің өмірлерінің айтарлықтай бөлігін мектепте өткізеді және оларды қоршаған мектеп ортасы дұрыс таңдау жасауға және дене белсенділігі деңгейін арттыруға қатысты білім алу және дағдылану үшін мінсіз орта болып табылады.
Балалардың семіздігі ересектердің семіздігін болжайтын маңызды фактор болғандықтан, көбінесе жүрек-қантамыр, қант диабеті, ортопедиялық мәселелер мен психикалық бұзылуды дамытатын қауіпті фактор болып табылады. Ол мектепте сабақ үлгерімін және өзін бағалауды төмендетеді. Балалық шақта пайда болған метаболизмдік және жүрек – қантамыр аурулары қаупінің факторы есейгенде де сақталып, денсаулықтың нашарлауына және мезгілсіз өлім-жітімге алып келеді. Бұл мәліметтер балалардың денсаулығын сақтауға араласу үшін тиімді уақытты таңдауды жоспарлауда тәжірибелік маңызы бар және ерте жастан араласуды іске асыру барысында қол жеткізілген мәліметтердінығайту үшін балалардың денсаулығын сақтауды үздіксіз жалғастыру қажеттігі туралы пікірді растайды.
Үлкен-Нарын аймағында 2 нен 11 сәуір аралығында медициналық қызметкерлермен жалпы білім беретін мекемелерде декадник шеңберінде оқушылар тамақтануы бойынша шаралар өткізілді.
Солдатово мен Ново-Хайрузовка ауылдарының мектептерінде жоғарғы тсынып оқушыларымен «Қандай азық-түлік пайдалы?», «Оқушылардық тамақтануында трансмайлардың пайдасы мен зияны» тақырыбында семинар-тренингтер өткізілді. Оқушыларға чипсы, газдалған сусындар, шұжық өнімдері тәрізді азаық-түліктердің зияны жайында тыңдау қызықты болды, белсенді қатысты және көп сұрақтар қойды. Алтынбел ауылында оқытушыларға арналған «Оқушының рационалды тамақтануын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. В. И. Ленин атындағы орта мектепте «Дұрыс тамақтану – жақсы білім алу жолы!» лозунгысымен флеш-моб және спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Орталық аудандық аурухананың медицина қызметкерлері мен мемлекеттік ұйым «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің Катонқарағай аймақтық орталығы» және «Күншуақ» балабақшасы коллективімен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар қатысушылар белсенді сұрақ қойып, бұндай кездесулердің маңыздылығы жайында айтты.
СӨС кабинеті дәрігері
Владимир Егоров