Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Туберкулез ауруын алдын алу іс-шаралары

Туберкулез ауруын алдын алу іс-шаралары

Туберкулез бұрын емделмейді деп есептелген және жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған өте қауіпті ауру болып табылады.

Қазіргі таңда міндетті вакцинопрофилактиканы енгізумен және туберкулезге қарсы тиімді химиялық дәрілердің болуына байланысты адамдар бұл ауруды бақылауда ұстай алатын болды. Дегенмен адамдар қазір де туберкулездің асқынуының салдарынан қаза табады, сондықтан да балалақы шақта да, ересек кезде де тубекрулездің алдын алуға қатысты мамандардың барлық ұсыныстарын сақтау маңызды.

Балалардағы туберкулездің алдын алу ауруды жұқтырудан сақтандыруға және асқынуының алдын алуға бағытталған.  Балалардың туберкулезбен ауыруының алдын алудың негізгі мақсаты — БЦЖ вакцинациясы мен химиопрофилактика. Туберкулездің алдын алуда толыққанды тамақтанудың, яғни ақуызға, май мен көмірсуларға бай азық-түліктерді тұтынудың маңызы зор. Сонымен қатар спортпен айналысу, таза ауада жүру, шынықтыратын шаралар жасау қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, санитарлық-гигиеналық шараларды қатаң сақтау маңызды: тамақ ішер алдын да қолды жуу, жуылмаған көкгөністер мен жемістерді, сонымен қатар санитарлық бақылаудан өтпеген сүт өнімдерін тұтынбау.

Балғын және Көктерек ауылдарындағы мектептерде «Туберкулезді балалық шақта алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шаралар барысында оқушыларға танымдық материалдар таратылды және видеоролик көрсетілді. Материалды бекіту үшін викторина өткізілді, дұрыс жауаптары үшін белсенді оқушыларға сыйлықтар, кеңсе тауарлары берілді. Жаңа-Хайрузовка, Солдатово және Үлкен-нарын ауылының Лицей  орта мектептерінің медициналық қызметкерлерімен туберкулездің алдын алу айлығына арналған шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында бүкіл Қазақстанда сонымен қатар  бүкіл әлемдік экономикалық форумның бизнес құрылымының өкілдеріне туберкулездің бизнеске әсер етуі жайында анкета толтыру арқылы сұрау өткізіледі.  Қатысушылар қатарында – кіші, орта және ірі бизнес өкілдері сұрақтыру  қорытындысы бойынша халықтың туберкулез ауырушаңдығы жайындағы білімділік денгейі бағаланады. Бизнес –басқарушылардың туберкулездің бизнеске әсер ету қаупі жоқ деп берілген объективті бағасы еліміздің бәсекеге қаблеттілік және инвестициялық қызығушылық рейтингісін жоғарлатады.

          Осыған байланысты туберкулезге қарсы қызметтің қазір қандай денгейде екендігін және мемлекетпен туберкулез аурушаңдығын төмендету үшін қандай күрес шаралары жүргізіліп жатқанын түсіндіреді.            

СӨС кабинетінің дәрігері                                                       Владимир Егоров