Қазақстан Республикасында ерте жастағы балалардың скрининтік тексеруі психофизиологиялық және есту, көру бұзылыстарын анықтау мақсатында жүргізіледі. Скрининг барысында балалардың жасына сай дамуы және көру, есту функциялары бағаланады.
2018 жылдың 13, 15 ақпанында орталық аудандық аурухана медицина қызметкерлерімен Ново-Поляковка аймағына жоспарлы шығу жұмысы жүргізілді. Бригада орталық аудандық аурухана мамандарынан құрылды: невропатолог – Молдожанова Мактагуль Курмангалиевна, аудандық педиатр – Шаухина Сауле Болатхановна, ЛОР дәрігер – Ахмеров Санжар, хирург – Маркабаев Нурболат Нуржанович, дерматовенеролог – Жииндинова Галия Касеновна, терапевт – Нургазина Айнаш Амангельдиновна, көз дәрігері медбикесі – Лукпанова Толкын және Ново-Поляковка дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі – Окунькова Юлия Сергеевна. Функция бұзылыстары анықталған балалар ары қарай тексерілуге жіберілді. Скрингтік тексеру 150 баланы қамтыды.
2018 жылдың мамыр айына дейін Үлкен-Нарын аймағын толық скринингтік қараудан өткізу жоспарланып отыр.
Құрметті ата-аналар, скринингтік қараудан уақытында өту сіздің балаңыз үшін өте маңызды екендігін естеріңізге сақтаңыздар.
СӨС кабинеті дәрігері Владимир Егоров