Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

Сақ болыңыз, үсік шалу!!!

Сақ болыңыз, үсік шалу!!!

Сақ болыңыз, үсік шалу!!!

Соңғы күндері термометр бағанасының көрсеткіші әдеттегіден төмен.Бұл күндері жылы киініп, жылдам қимылдап, жинақы әрі сақ болу керек. Себебі қалай дегенмен аязбен әзілдің аяғы жаман.

Үсік шалу деген не?

Бұл суық әсерінен ағза тінінің зақымдануы. Бұндай жарақаттар қыста, температура  -10 С және төмен градусты көрсеткен кезде болады. Бірақ үсікті қатты желмен қатар жоғары ылғалдықта ұзақ уақыт өткізген кезде, «плюс» көрсеткіштеде алуға болады.

Үсік шалып қалудың негізгі екі себебі бар:

  • Суықтың тері тіндерімен әрекеті жасушаның өлуіне әкеліп соғады.Бұл өте сирек болады, температура көрсеткіші -30С көрсеткен кезде.
  • Перифериялық қан тамырларының спазмы. Негізгі себебі осы. Ағзаның әдеттегі температурасын сақтау үшін, перифериялық қан тамырлары рефлекторлы түрде тарылады. Бұндай жағдайда ұзақ болу сыртқы бөліктердің қан айналымына әсер етеді – қан айналымы баяулайды, ал бұл бөліктердің өзі салқындай бастайды.

Қауіп факторлары:

  1. Алкоголь. Статистикалық мәліметтер бойынша, көптеген ауыр үсік шалынғандар мас күйінде болады. Кеңейген қан тамырлары есебінен жылу сезімі беріледі, бірақ денесі жылудың үлкен мөлшерін жоғалтады, сана жоғалтылғандықтан адам қауіпті сезбейді. Суықта ұйықтап қалғандар  саны қанша!
  2. Дұрыс киінбеу. Сырт киімнің сыртына шығарылған шаш, жұқа шұлық және бас айналдыратындай биік өкше... Мынадай аязда бұл перімен не боларын елестетудің өзі қорқынышты! Жақын маңда сенімді әрі жылы көлігімен ханзада күтіп отырса жақсы! Ал егерде аялдамаға барып автобус күту керек болса ше?
  3. Ағзаның әлсіреуі. Өкінішке орай жарақаттар, аурулар, жүктілік  және т.б кезінде оны болдырмау мүмкін емес.
  4. Дұрыс  тамақтанбау. Арамызда кейбіреулер мереке-мейрамдарға дейін салмақ азайтып арықтаймыз деп диета сақтайды. Арықтаудың мұндай жолы сенімсіздік тудырады (ағзаны алдай алмайсың!), ал денсаулыққа үлкен зиян келтіру мумкін, әсіресе суықта.

Жіктелуі

  1. 1-дәрежелі үсік шалу суықта аз уақыт қалу нәтижесінде болады. Белгілері: қызару, кейін үсіген жердің бозаруы, сезімталдықты жоғалту. Жылынғаннан соң зардап терінің зардап шеккен бөлігі қызарып, ісінеді, ауырсыну мен қышу пайда болады. Әдеттен 2-3 тәуліктен соң (ең көп дегенде бір апта) үсіген эпидермис жасушалалры түсіп, тері қайта сау қалпына келеді.
  2. 2- дәрежелі үсік шалу суық ауа райында ұзақ болғаннан дамиды. Белгілері:   неғұрлым айқын, бірақ қан айналымның бұзылуы, терінің ішінара некрозы. Зақымдалған аймақ бозғылт, жылынғаннан кейін қою қызыл түсті болады, ал ісікке қарай таралады. 2 дәрежелі суықтың негізгі белгісі жеңіл сұйықтық толтырылған көпіршіктердің пайда болуы. Толық тіннің түзілуі 1-2 аптада орын алады.
  3. 3- дәрежелі үсік шалу суыққа немесе өте төмен температураға ұзақ уақытта орын алады. Бұл дәреженің белгілері жылынудан кейін көрінеді: көгілдір түсті (кейде қара) тері, қою қоңыр түсті сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер. Алғашқы күндерде зардап шеккен аймақта сезімталдықтың толық жоғалуы байқалады, содан кейін ауыр аурулар пайда болады. Үшінші дәреженің аяздығы терінің және басқа жұмсақ тіндердің толық некрозымен сипатталады. Өлген бөліктердің қабылданбауы 2-3 аптадан соң аяқталады, содан кейін 1 айға созылатын жарақат (түйіршіктеу, шрам тіні) пайда болады.
  4. 4- дәрежелі үсік - ең ауыр. Белгілері: зақымданған аумақтың түсі көк, ісіну жылынудан кейін дереу дамиды және тез арада өседі, көпіршіктер пайда болмайды, тері температурасы қоршаған тіндерге қарағанда әлдеқайда төмен. Барлық жұмсақ маталар қабаттары өліп, кейде сүйектер мен буындарға әсер етеді.

Алғашқы көмек көрсету

  1. Зардап шеккен адамды жылы жерге кіргіземізде су немесе қатып қалған киімдерін шешеміз
  2. біртіндеп жылынуды қамтамасыз етеміз. Есіңізде болсын: зардап шеккен аймақтың температурасын баяу, біртіндеп көтеру қан тамырлары мен айналымын қалпына келтіруге ықпал етеді. Жылыту сыртқа және ішіне жүзеге асырылуы керек. Сыртта, зардап шеккен аймақтар жұмсақ матамен жабу, ал 2 немесе одан жоғары дәрежелі үсікке  күдіктенсе,қолда бар заттармен түзу қалыпқа келтіріледі. Бұл өте нәзік болатын қан тамырларының тұтастығын сақтау үшін жасады. Жәбірленушіні ішінен жылытудың ең жақсы жолы - ыстық сусын.
  3. Дәрігер шақырамыз. Медициналық қызметке барынша тез жүгіну:
  • 2-4 дәрежелі үсікке күдік болғанда
  • Егер жәбірленуші бала немесе қарт адам болса
  • Улкен көлемді аумақтар зақымданса (алақаннан үлкен)
  • Жәбірленушінің жағдайы нашарласа
  1. Жергілікті уқалау және массаж 1 дәрежелі үсік кезінде жасалады. Алайда үсік дәрежесі жоғарылаған сайын бұл әдісті пайдалану зиян: зақымданған жерді қоымша зақымдап, үсуді тездетіп жіберуі мүмкін.

Мүлдем тиым салынады:

Үсіген жерді қармен ысуға.  Біріншіден, қардың температурасы нөлден төмен болғандықтан, бұл үсіген орынның температурасын одан әрі төмендетеді. Екіншіден, қар –бұл кристалл, бұл кристалдар зақымданған жерді және қан тамырларын оңай жарақаттауы мүмкін. Оның үстіне пайда болған ұсақ жарықтарға инфекция түсіп кетуі мүмкін.

Зақымданған жерлерді жылдам жылытуға (грелка, ыстық су және т.б.). Суық шыны ыдысқа ыстық су құйса не болады? Дұрыс, жарылады. Дәл солай үсіген жерменде, қан тамырларыменде болады. Олар шыны сияқты нәзік болады, ал температураның күрт өзгеруінен бүлінеді. Ал қан тамырларының өлуі-ол қамтамасыз ететін тіннің өлуі.

 

Қауіпсіздік ережелері

Зияндыны азайту. Суықта абай болыңыз және мұқият болыңыз: күшті алкогольді ішпеңіз, мүмкіндігінше темекіден бас тартыңыз. Айтпақшы, кофені көп ішу де қажеті жоқ: кофеин қан тамырларын тарылтады және қол-аяқтағы қан айналымды баяулатады.

Ыңғайлы, жылы киім және аяқ-киімдер.  Сүйкімді ханымдар! Жылы киінулеріңізді сұраймыз! Ең жақсы сырт киім болып жылы, жеңіл, қимылдауға кедергі жасамайты, су болмайтын, бірақ, сыртқа ылғал шығаратын киім болып табылады. Өте суық болғанда бірнеше қабат киім киген дұрыс, себебі қабаттар арасында жылу сақталады. Қолғаптарды биәләйға ауыстырып, қалың жүн байпақтарды пайдаланыңыз(мысалы, иттің жүнінен). Бетіңізді жұмсақ, бетіңізді тітіркендірмейтін мойынсалмен орап, сол арқылы демалыңыз.

Аяқ киіміңізге ерекше назар аударыңыз. Ол жылы, қалың әрі ыңғайлы табанды, ең бастысы кең болуы керек: жүн байпақ кигенде қыспас үшін. Қатты суық кезінде биік өкшеден бас тартқан дұрыс. Табанның табиғи емес күйде болуы, қан айналымын қиындатады және үсіп қалу  қаупін арттырады. 

Дұрыс тамақтану. Суық ауа райында біздің ағзамыз қосалқы «жылыну көзін» талап етеді. Диетаны кейінге шегеремізде... дене белсенділігін арттырамыз! Дұрыс таңдалған опа-далап. Аяғазға шығарда су негізінде жасалған крем пайдаланбаңыз, ол бетті тоңдырады.

Осы қарапайым ережелерді ұстанып – суық бізді үсітпесін, жасартсын!

 

СӨС кабинетінің дәрігері                                                          Владимир Егоров