29 қараша күні аудандық орталық ауруханасының мамандары Алтынбел ауылдық округінің тұрғындармен жоспарлаған кездесу жүргізді .
Бас дәрігердің орынбасары Молдажанова Мақтагүл және Алтынбел ауылының амбулатория дәрігері Жексембаева Карлығаш ауыл тұрғындарына медицина саласында болып жатқан сонғы жаналықтары турылы баяндама берді . Қазіргі күнде көпшілікті мазалап жүрген : бірынгай медициналық сақтандыру жүйесі ,міндеті көмек көрсету жүйесідегі тегін дәрі дәрмек бөлінуі ,отбасылық денсаулық сақтау орталығының ашылуы туралы тұрғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындарын медициналық мамандар : невропатолог- Молдажанова Мақтагул ,Гинеколог –Елеусизова Гульнар , эндокринолог – Нургазина Айнаш , окулист- Имамади Кұлмағиза , отоларинголог –Ахмеров Санжар қабылдады .Барлығы 65 әр түрлі ауруларымен қабылданды . Барлық тұрғындарға жоғарғы сапалы көмек көрсетелді .
Алтынбел ауылының мектебінде салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері –Егоров Владимир және оторларинголог –Ахмеров Санжар оқушылармен семинар жүргізілді . Оқушыларға салауаты өмір салтының басты аспектілері денешынықтыру ,дұрыс тамақтану , енбек режимі , жаман әдетерден бас тарту туралы балаларға түсіндірілді . Шара өте қызықты өті , оқушылар өздерін қызыктырған сұрақтарды қойды .
СӨС кабинеті дәрігері Владимир Егоров