Қызамық (корь) — вирус арқылы тарайтын тез (жедел) жұғатын жұқпалы ауру. Адамдардың қызамықты қабылдағыштығы жоғары 100 % дейін. Қызамықтың эпидемиялық жағдайы облыс бойынша лаборатория арқылы анықталып тіркелген 33 науқас соның ішінде 13 бала 14 жасқа толмаған аралығында. Ауру тіркеледі қызамықа қарсы егу алмағандардын және егу жәйынде ақпаратары жоқтардың арасында. Қызамық - кең таралған инфекция. Сырқаттылықтың кезеңді көтерілістері әр 3-5 жылда және мезгілдік тербелістері байқалады. Максимальді сырқаттылық жылдың суық мезгілінде байқалады. Мектепке дейінгі мекемелерде және ересектер арасында да қызамық эпидемиялық көтеріліс түрінде өтеді.
Қызамық вирусының қоздырғышы сыртқы артада тұрақсыз әр химиялық әсерінен. Бөлме температурасында 2 тәуліке дейін, суық ауада бір неше жұма өз күшін сақтайды
Инфекция көзі науқас адам болып табылады, ол тек айқын клиникалық көріністер кезеңінде ғана емес, сонымен қатар инкубациялық кезеңде және реконвалесценция кезеңінде де қауіпті Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар (әсіресе 2 — 5 жас аралығында) жиі ауырады. Ауру науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіру кезінде қақырық, түкірік шашырағанда жұғады. Сондай-ақ, науқас баланың ойыншығы, ыдыс-аяғы, т.б. арқылы да таралады. Қызамықпен бір рет ауырған адам екінші рет ауырмайды. Қызамықпен бұрын ауырмаған жүкті әйелдер сақтануы керек жұқтырған жағдайда құрсақтағы нәрестенің өміріне зиян келеді. Жүктілік кезінде алғашқы үш айлық мерзімінде қызамық ауруы өте қауіпті, дүниеге келетін баланың 60 пайызы кемтар болады. Бұл – көру және есту мүшелері, туа біткен жүрек ақауы, аяқ-қол сүйектері, бас сүйек т.б. дене мүшелерінің даму қабілетін тоқтатады, не әйел түсік тастауы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 11 — 21 (орта есеппен 16 — 21) күнге дейін созылады. Алғашқы кезде жөтеліп, тұмауратқан сияқты болады. Сонан кейін желке тұсында, құлақ айналасы, лимфа түйіндері ісіне бастайды. Басы, тамағы ауырып асқа тәбеті болмай, құсады. 1 — 2 күннен кейін алдымен бетке, сонан соң қолтық, шапқа бозғылт-қызғылт майда дақты бөртпелер шығады.Бөртпеден кейін дақ қалмайды. Бұл кезде дене қызуы 38 — 39С-қа дейін көтеріледі. Науқас баланың екі беті, көмекейі қызарып, бадамша безі ісінеді, қан қысымы көтеріліп, қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) көбейеді, зәрінде белок пайда болады. Ауру асқынғанда дене қызуы 40С-тан асып, науқас сандырақтап, іші өте бастайды. Қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы нашарлайды, тамақ асты және жақ асты безі ісініп, құлағынан іріңді бұлық ағады. Сондай-ақ, ол асқынып науқас менингит, мастоидит, гайморит, лимфаденит, нефрит, т.б. ауруларға шалдығуы мүмкін. Қызамықтың жоғарыда айтылған белгілері 4 — 5 күннен кейін басылады. Дене қызуы қайтып, бөртпелер азайып, қабыршақтанып терісі түсе бастайды. Баланың көңіл күйі жақсарып, асқа тәбеті ашылады.
Алдын алу- Ауырған бала 5 күнге оңашаланады. Қарым –қатынаста болған балаларға карантин тағайындалады. Қызамыққа қарсы егу біріншісі баланың 12 айында, екіншісі 6 жасында егіледі.Науқас жатқан бөлме таза ұсталып, гигиеналық талап қатаң сақталуы керек. Жеке бас гигиенасын сақтау. Аурудын бірінші белгілерімен дәрігерге жүгінү.
СӨС кабинеті дәрігері
Владимир Егоров