Катон-Карагайский район ВКО
с.Улкен Нарын
ул.Кабдыгали Татаева, 31

Регистратура: 872341-2-23-05 Скорая помощь: 872341-2-14-41

ДКМФК: 87232-61-81-00 Акимат ВКО: 87232-71-31-50

«Назар аударыңыз, бағдаршам!»

«Назар аударыңыз, бағдаршам!»

      Жол-көлік жарақаты жүректің ишемиялық ауруы мен депрессиялық жағдайдан кейінгі 5-тен 44 жасқа дейінгі жас адамдардың өлім-жітімі бойынша үшінші орынды иеленуде.ЖКО кезінде 50-55% өлім деректері оқиға орнында орын алса, 25% ауруханаға жеткізу кезінде, ал 6%-ы қабылдау бөлімінде болса, 30-40%-ы стационарда орын алады. Негізгі зақымдар – сүйектің сынуы - 30%, көптеген зақымдардың болуы - 30%, мидың жарақаты - 25%.

Барлық апаттардың 50%-ға жуығы 18 жастан жас жасөспірім жүргізушілер жүргізген, түн ортасына дейінгі 4 сағатта немесе түн ортасынан кейін орын алып, күндізгі уақыттағы көлемнен 5-10 есе көп болады. Бауқаусыз алған жарақаттан өлімге апаратын деректерді қосқанда ондаған миллион бала алынған аса қауіпсіз жарақатынан ауруханадан күтімді қажет етеді. Жол-көлік оқиғасы мен биіктен құлау категориялары әлемде 14 жасқа дейінгі балалар  арасындағы аурулардың 15 басты себебіне жатады.

Ағымдағы жылдың 4 айында 4 293 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6037 адам зардап шекті. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда апаттылық 14,8%-ға азайған.

ЖКО-да өлім-жітім бойынша бірінші орынды Алматы облысы иеленуде.634 жол-көлік оқиғасы тіркелгендеқаза болғандардың саны 170 адамды құраған. Салыстырғанда ОҚО 931 ЖКО-сы тіркеліп 106 адам, Алматыда  2147  ЖКО тіркеліп, 67 адам қаза тапқан.Өкінішке орай, ЖКО 5-тен 18 жасқа дейінгі тұлғалардың өлім-жітімінің жетекші себебі болып табылады.

Республикада жол-көлік жарақатының, оның ішінде балалар, жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарақаттың алдын алу үшін жолдың сапасын жақсарту, жол жүрісі ережелерін сақтау, ішімдіктен бас тарту, уақытында жарақат алған адамды жеткізу, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа шаралар арқылы қоғамдағы барлық мүдделі тараптарды жұмылдыру қажет.

СӨС кабинеті дәрігері                                                                

Владимир Егоров