Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы әрбір қоғамда маңызды орынға ие. Тіпті әлеуметтік дамыған қоғамдар аумағында да балалар мен жасөспірімдердің денсаулық көрсеткіштерін қамтамассыз ету мақсатында жалпы мемелекеттік амалдар мен жүйелік өзгерістер енгізетін стратегиялық жоспарлар құрылады.
Балалар мен жасөспірімдердің дамуына, соның ішінде бастапқы 3 жылында жасалған инвестиция денсаулық көрсеткіштерінің жоғарлауымен қатар әлеуметтік-экономикалық салаға да зор ықпалын тигізеді.
1 маусым күні Катонқарағай ауданы орталық аудандық ауруханасы қызметкерлерімен, атап өтсек: бас дәрігердің орынбасары Абдаразакова Сауле, психолог Бошаева Айгуль және салауатты өмір салтын ұстану кабинеті дәрігері Егоров Владимирмен Халықаралық балаларды қорғау күні акциясы өткізілді. Шара барысында білікті маман мүгедек балаларды үйлерінде қарап, естелік сыйлықтар ұсынды. Сонымен қатар мейрам барысында да мүгедек балалар назардан тыс қалмады.
СӨС кабинеті дәрігері
Владимир Егоров