«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Катонқарағай аудандық ауруханасында ағымды жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Келісім «Промстройсвязь» СМУ жасалынып, жалпы бағасы 5 млн. 600 мың теңге көлеміндегі қаражатқа поликлиника ғимараты хирургия бөлімінің терезелері жаңартылды. Ішкі жөндеу жұмыстарына жұмыспен қамту орталығымен ұсынылған 4 қызметкер жұмыспен қамтылды.
Шатырды жаңарту мақсатында 11 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Байқау жұмыстары аяқталып, «Еңбек –Адал» басшысы Касымов Е.-мен келісім шарт жасалынды. Емхана шатырын ауыстыру жұмыстары 22 қыркүйектен басталады.
Катонқарағай аудан аралық ауруханасы 6 медициналық пункке (МП Белқарағай, МП Топқайын, МП Барлық, МП Коробиха)және Ақсу дәрігерлік амбулаториясына 39 млн теңге көлемін құрайтын ағымды жөндеу жұмыстарын жоспарлады. Келісім шарт ТОО «Тұлпар» және ТОО «Исатай» басшыларымен жасалынды.